НегізгіӨнімдерЕДБ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру

ЕДБ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру

Екінші деңгейдегі банк қарыз алушысы қайтыс болған, науқастануы немесе жазатайым оқиға салдарынан 1, 2 топтағы мүгедек болған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Консультация алу үшін өтінім қалдыруыңызды сұраймыз.

Кеңес алуға өтініш

Ұсынылатын сақтандыру өнімдерінің/бағдарламаларының түрлері

  • «Халык» қарыз алушылардың өмірін ерікті сақтандыру
  • Жеке тұлғаларды жазатайым оқиғадан ерікті сақтандыру
  • «ALTYN BANK» қарыз алушылардың өмірін ерікті сақтандыру

Шарттары

Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде басталған мынадай оқиғалар сақтандыру жағдайы деп танылады:

1.  Сақтандырылушының кез келген себеппен қайтыс болуы;

2.  Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде болған жазатайым оқиға нәтижесінде I, II, III топтағы мүгедектік;

Егер Сақтандыру шарты жасалған күні Сақтандырылушы 60 жасқа толған болса, онда науқастану себебінен Сақтандырылушының қайтыс болуы Сақтандыру шартымен өтелмейді.

 

Сақтандыру сомасы 

Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың ең жоғары сомасы 10 000 000 теңгені құрайды.

 

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

1. «Кез келген себеппен қайтыс болу» - сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасына тең. Сақтандыру сомасы банктік қарыз сомасына тең.

2. «Жазатайым оқиға нәтижесінде I, II, III-топтағы мүгедектік»  - Cақтандырушы Пайда алушыға біржолғы сақтандыру төлемін жүргізеді:

1) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға I топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 80%-ын құрайды.

2) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға II топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 60%-ын құрайды.

3) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға III топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 40%-ын құрайды.

 

Шарт жасасу мерзімі 

Сақтандыру шарты 24 айға (730 күнтізбелік күн) дейінгі мерзімге жасалады.

 

Сақтандыру шартын бұзу шарттары 

Сақтандыру шартын бұзу шарттары 

Азаматтық кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 841-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Сақтанушы-жеке тұлға, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

 

Сақтандыру ережелері

Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар

Сақтандыру тарифтері

Шарттары

Сақтандыру  «жазатайым оқиға» тәуекеліне қолданылады. Жазатайым оқиға - сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде адамның еркінен тыс басталған кенеттен, қысқа мерзімді оқиға (апат):

  1. Сақтандырылушының I, II топтағы мүгедектікті белгілей отырып, еңбекке тұрақты қабілеттілігінен айырылуы;
  2. Сақтандырылушының қайтыс болуы.

 

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

1) қайтыс болған кезде - 100%;

2) 1 топ мүгедектігі берілген кезде – 80%;

3) 2 топ мүгедектігі берілген кезде – 60 %.

 

Шарт жасасу мерзімі 

Сақтандыру шарты 1 жылдан артық мерзімге жасалады

 

Сақтандыру ережелері

Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар

Сақтандыру тарифтері

Шарттары

Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде басталған мынадай оқиғалар сақтандыру жағдайы деп танылады:

1.  Сақтандырылушының кез келген себеппен қайтыс болуы;

2.  Сақтандырылушының жазатайым жағдайдың салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздығы.

Сақтандыру жағдайы, егер ол Сақтандыру Полистің қолданылу кезеңінде басталған болса ерікті сақтандырудың қолданыстағы ережелерінде көрсетілген ерекшеліктер тізімі ескеріле отырып, осындай деп танылуы мүмкін.

 

Сақтандыру сомасы 

Cақтандырудың ең төмен сомасы 150 000 (жүз елу мың) теңгені құрайды.

Cақтандырудың ең жоғары сомасы 7 000 000 (жеті миллион) теңгені құрайды

 

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

1. «Кез келген себеппен қайтыс болу» - сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру жағдайы басталған сәттегі қарыз қалдығына (негізгі борыш қалдығына) тең. Егер сақтандыру жағдайы болған кездегі қарыздың қалдығы (негізгі борыштың қалдығы) нөлге тең болған жағдайда, онда Сақтандырушы Сақтандырылушымен сақтандыру жағдайы басталған күнге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде пайда алушыға біржолғы сақтандыру төлемін жүргізеді.

Бұл ретте орын алған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандыру Полисінде айқындалған сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.

2. «Жазатайым жағдайдың салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздығы»  - Сақтандырушы пайда алушыға еңбекке жарамсыздықтың күнтізбелік 7 (жетінші) күнінен бастап, бірақ бір сақтандыру жағдайына байланысты жалпы ұзақтығы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын еңбекке жарамсыздықтың әрбір күнтізбелік күні үшін сақтандыру жағдайы басталған кездегі қарыз сомасы қалдығының (негізгі борыш қалдығының) 0,2% мөлшерінде біржолғы сақтандыру төлемін жүргізеді.

Бұл ретте орын алған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандыру Полисінде айқындалған сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.

 

Шарт жасасу мерзімі 

60 күнтізбелік айға дейін (қоса алғанда).

 

Сақтандыру ережелері

Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар

Сақтандыру тарифтері