Өмірді не үшін сақтандыру қажет?
Біздің күнделікті өміріміз, әдетте, болмашы қуаныштар мен реніштерге толы үйреншікті жұмыстармен және қарбаласпен өтіп жатыр, әрі біз оны өз бақылауымыздай ұстаймыз. Біз ағымдағы жағдайға қарап, болашақтағы оқиғаларды бірнеше жыл алға жоспарлаймыз. Мысалы, біз отбасын құрып, оны қамтамасыз етеміз, балаларымызды өсіріп, оларды оқытуға қаражат жинауды жоспарлаймыз, ата-аналарымызға қамқорлық танытамыз, сондай-ақ бұл жоспарымызда жағымсыз жағдайларға орын бола бермейді. Өкінішке орай, біздің өмірімзде күйбең тірлікте күтпеген жағдайлар орын алып жатады, жоспарымызды түбегейлі өзгертіп, кәдімгі моральды шығын мен жапа шегуінен бөлек, жоспарымызды іске асыра алмай, айтарлықтай материалдық тұрғыдан айырылып қалуға алып келеді. Мысалы, жазатайым оқиға нәтижесінде отбасы өз асыраушысынан айырылса не болмаса еңбекке жарамсыз болса, отбасы кірісі бірден төмендейді немесе жағдайлары мүлдем мүшкіл болады, отбасы мүшелері үйреншікті өмірінен бас тартуға мәжбүр болады. Өмірді сақтандыру мұндай күйзелістен шығуға және үйреншікті болған өмір салтын сақтап қалуға көмектеседі.
Сондай-ақ сақтандыру артықшылығы – біздің мінез-құлқымыздың оң жаққа қарай өзгеруі. Мысалы, аздаған жарақаттар алып, аурулар болған кезде адамдар жай емханалардағы кезектерді немесе емдеуге жұмсалатын шығынды еске алып, өзін-өзі емдеп, медициналық мекемелерге көмек сұрап бармауы да мүмкін. Сонымен қатар, уақтылы білікті көмек көрсетпеген жағдайда, тіпті болмашы жарақаттың өзі жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Мысалы, медициналық сақтандыру полисі болған жағдайда, адам ағымдағы шығын туралы ойламай, алдын ала таңдалған медициналық мекемеде ем қабылдай алады, яғни оның дәрігерге көрінуі әбден мүмкін екенін және уақытылы көмектің көрсетілетінін білдіреді.
Мысалы, батыс елдерінде сақтандыру полисін сатып алуға үйреншікті жағдай ретінде қарайды, кез келген ересек және өз-өзіне жауапты адамның өмірді және/немесе денсаулықты сақтандыру полисі бар.