НегізгіӨнімдерМҚҰ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру

МҚҰ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру

Микроқаржы ұйымдарының қарыз алушысы қайтыс болған, науқастануы немесе жазатайым оқиға салдарынан 1, 2 топтағы мүгедек болған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Консультация алу үшін өтінім қалдыруыңызды сұраймыз.

Кеңес алуға өтініш

Ұсынылатын сақтандыру өнімдерінің/бағдарламаларының түрлері

  • «Маусым» өмірді ерікті сақтандыру
  • «Наурыз» өмірді ерікті сақтандыру
  • «Стандарт» өмірді ерікті сақтандыру

Шарттары

Қарыз алушының кез келген себеп бойынша қаза болуы сақтандыру оқиғасы болып табылады.

Егер Сақтандыру шарты жасалған күні Сақтандырылушы 60 жасқа толған болса, онда науқастану себебінен Сақтандырылушының қайтыс болуы cақтандыру шартымен өтелмейді.

Сақтандыру сомасы

Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың ең жоғары сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

Сақтандыру соммасының 100%, бірақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасының басталу күніне қатысты нақты берешегінен көп емес.

Шарт жасасу мерзімі 

Егер сақтандыру шартымен өзге жағдай қарастырылмаса, сақтандыру шарты 21 күнтізбелік күннен 105 күнтізбелік күнге дейін мерзімге жасалады.

Сақтандыру шартын бұзу шарттары  

Азаматтық кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 841-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Сақтанушы-жеке тұлға, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

Сақтандыру ережелері

Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар

Сақтандыру тарифтері

Шарттары

1-нұсқа:

Сақтандыру жағдайы:

1) Сақтандырылушының кез келген себеппен қайтыс болуы.

Егер Шарт жасалған күні Сақтандырылушы 58 жасқа толған болса, онда науқастану себебінен Сақтандырылушының қайтыс болуы Шартпен өтелмейді.                                                            

2) Сақтандырылушыға жазатайым оқиға салдарынан 1-топтағы мүгедектікті беру

3) Сақтандырылушыға жазатайым оқиға салдарынан 2-топтағы мүгедектікті беру    

2-нұсқа:

Сақтандыру жағдайы - Сақтандырылушының кез-келген себеппен қайтыс болуы.

Егер Шарт жасалған күні Сақтандырылушы 58 жасқа толған болса, онда науқастану себебінен Сақтандырылушының қайтыс болуы Шартпен өтелмейді.

Сақтандыру сомасы

Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың ең жоғары сомасы 10 000 000 теңгені құрайды.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

  • Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі орын алған оқиғаның келесі мөлшерінде жүзеге асырылады – сақтандыру сомасының 100%, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күнгі қарыз шарты бойынша нақты берешектен артық емес. Сақтандыру қорғанысының қолданылуы бірінші сақтандыру жағдайы бойынша төлем жүзеге асырылғаннан кейін тоқтатылады.
  • Егер сақтандыру жағдайы болған күні Сақтандырылушының қарыз шарты бойынша «КМФ» алдындағы нақты берешегі нөлге тең болса, сақтандыру төлемі Сақтандырылушының мұрагерлеріне сақтандыру сомасының 10% мөлшерінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемі Пайда алушыға сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын қажетті құжаттардың соңғысы ұсынылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

Шарт жасасу мерзімі 

Сақтандыру шарты 1 айдан (45 күнтізбелік күнді қоса алғанда) 12 айға (375 күнтізбелік күнді қоса алғанда) дейінгі мерзімге жасалады.

Сақтандыру шартын бұзу шарттары 

Азаматтық кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 841-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Сақтанушы-жеке тұлға, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

Сақтандыру ережелері

Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар

Сақтандыру тарифтері

Шарттары

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде болған келесі оқиғалар сақтандыру жағдайы болып танылады:

1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде орын алған, жазатайым оқиға нәтижесінде туындаған, Сақтандырылушының қайтыс болуы;

2. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде диагноз қойылған ауру себебінен болған, Сақтандырылушының қайтыс болуы;

3. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде ауру себебінен және/немесе  орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде туындаған, Сақтандырылушының еңбекке уақытша жарамсыздығы. 

Сақтандыру сомасы

Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың ең жоғары сомасы 5 000 000 теңгені құрайды.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

Егер Сақтандырушы орын алған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп таныған болса, Пайда алушыға сақтандыру төлемі сақтандыру сомасы шегінде, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күндегі қарыз шарты бойынша Сақтанушының ҚМК алдындағы нақты берешегінің (бұдан әрі – НБ) сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі келемі мөлшерде жүзеге асырылады:

1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының қайтыс болуы - сақтандыру сомасының 100%, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күндегі қарыз шарты бойынша нақты берешектің сомасынан артық емес.

2. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде диагноз қойылған ауру себебінен орын алған Сақтандырылушының қайтыс болуы - қарыз шарты бойынша оны жасасу күніне 12 айлық төлем мөлшерінде, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күндегі қарыз шарты бойынша нақты берешектің сомасынан артық емес.

3. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде ауру себебінен және/немесе орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының еңбекке уақытша жарамсыздығы - расталған еңбекке жарамсыздығының ұзақтығы кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күн болғанда, еңбекке жарамсыздығының әрбір күні үшін қарыз шарты бойынша оны жасасу күніне ай сайынғы төлем мөлшерінің 3,33% мөлшерінде. Ең жоғары ақы төленетін кезең - сақтандыру шарты қолданылатын күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік 60 күнді құрайды. Егер сақтандыру жағдайы болған күні Сақтандырылушының қарыз шарты бойынша «КМФ» алдындағы нақты берешегі нөлге тең болса, Сақтандырылушыға сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау кезінде қарыз шартында оны жасасу күніне белгіленген ай сайынғы төлемнің мөлшері ескеріледі.

Сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын қажетті құжаттардың соңғысы ұсынылған сәттен бастап сақтандыру төлемі Пайда алушыға 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей біржолғы төлеммен жүзеге асырылады. 

Шарт жасасу мерзімі 

Сақтандыру шарты 308 күнтізбелік күннен 1860 күнтізбелік күнге дейін мерзімге жасалады.