Менің Қазақстаным!

Жаздың дәл осы алғашқы күнінде біз балалық шақтың тамаша мерекесі - Балаларды қорғау күнін атап өтеміз! Әлемде балаларымыз бен балалық шақтан барынша маңызды және құнды ештеңе жоқ!

Балаларды қорғау күніне орай біз осы жылы «Менің Қазақстаным!» тақырыбына арналған балалар шығармашылығы конкурсын өткіздік. Біз әрқайсысы өз дарынын көрсетуге тырысып, бар ықыласымен жасаған көптеген жарқын, тартымды және шығармашыл жұмыстар алдық. Жас жасампаздардың қиялға беріліп, нағыз үздік туындылар жасағаны біз үшін сүйсінерлік іс болып табылады!

Біз сіздермен жас суретшілеріміздің тамаша жұмыстарымен, әсерлерімен, жан толғаныстарымен және таңғажайып әлемнің бір бөлігімен бөліскіміз келеді.

Сонымен, біздің жеңімпаздарымыз:

Бас жүлде - Ахмирова Самина, 7 жаста

I орын:

·         Мұхамедиева Даляль, 6 жаста

·         Федосова Диана, 8 жаста;

·         Бақытжан Амалия, 13 жаста.

II орын:

·         Қамзабек Жасмин, 4 жаста;

·         Бақытжан Сәбира, 10 жаста;

·         Каргаполов Артем, 11 жаста.

III орын:

·         Сейдехан Жәңгір, 6 жаста;

·         Серікова Ильвира, 8 жаста.

·         Сатымқұлова Мерей, 14 жаста

 

Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!