«KM Life» ӨСК» АҚ ұжымы біздің қымбатты ардагерлерге барып, Ұлы Жеңіс Күнінің 77 жылдығымен құттықтады!

Әр жыл сайын жеңіс көктемінің қуанышын бізбен бөлісіп қарсы алатын ардагерлеріміз азайып бара жатыр. Себебі көбісі 95 жастың асуынан асып кетті.

Компаниямызда орныққан жақсы дәстүрдің арқасында біздің жұмыскерлеріміз, біздің қымбатты Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс Күнінің 77 жылдығымен құттықтады!

Әр кездесу жылылыққа, құрмет пен еске алуға толы болды. Біз жылы тілектерімізді білдіре отырып олардың өмірлік ерлігі мен каһармандығына, әкелген еркіндік, көп жылғы ерең еңбек пен бейбіт аспан үшін алғыс сөздерімізді айтып, мерекелік көңіл күй, құрмет пен қамқорлық силай алдық. Ардагерлермен әңгіме барысында, олардың өз аузынан соғыс уақытындағы оқиғаларды, ардагерлердің соғыстан кейінгі өмірлік жолдары жайлы естеліктерін, соғыс қаһармандары мен олардың ерліктері туралы білу өте қызықты болды.

Біздің ардагерлеріміз үшін ең бастысы – ол мейрімді сөздер, жағымды кездесулер және олар жайлы, олардың ерліктері мен қаһармандылығы жайлы естеліктер! Олардың жолы біздің мұрамыз, ұрпақтан ұрпаққа мақтанышпен берілетін тарихымыз болып қала береді.

Біз мықты денсаулық, рух сергектілігін, ұзақ ғұмыр тілейміз, көз жанары тек қана бақыт пен қуанышты сәттерден жарқырасын!