«KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ мүшесі болып табылады.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің тиімді жүйесін құру және дамыту арқылы сақтандыру нарығына қатысушылардың мүдделерін толыққанды қорғауды ұсынады, сонымен қатар жеке тұлғалардың мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды.

Сақтандыру ұйымы мәжбүрлі түрде таратылған кезде, сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым.

Қор өз қызметін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады және акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Толық ақпарат: https://ipgf.kz/kk/about/