Бізге 4 жыл!

28 Тамыз - "KM Life "ӨСК" АҚ үшін ерекше күн! 2019 жылы осы күні біздің компания құрылды және бүгін біз 4 мерейтойымызды атап өтеміз!

4 жыл бойы біз сенімді түрде алға жылжып келеміз, жаңа мүмкіндіктер ашамыз, серіктестеріміз бен клиенттеріміз үшін жақсы жағдайлар жасаймыз, оларға қамқорлық пен болашаққа сенімділік береміз, сақтандыруды олардың өмірінің бір бөлігіне айналдырамыз!

Әрбір клиент пен серіктеске, қызметкерге алғыс айтқымыз келеді. Біздің компанияның қалыптасуы мен дамуының табысты жолы әр қызметкердің үйлесімді жұмысы мен қосқан үлесінсіз мүмкін болмас еді. Сіздердің қолдауларыңыз бен кәсібиліктеріңіз үшін рахмет, Сіздер Компанияның дамып өсуіне және болашаққа жоспарлар құруына баға жетпес үлес қосып, жоғары нәтижелер мен жеңістерге жетуге ынталандырасыздар!

Сіздерге зор денсаулық, табыс, кәсіби өсу, жаңа жоспарлар, жобалар мен идеяларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!

Біздің Компанияның туған күнін біз сіздермен күзгі корпоративте атап өте аламыз. Қосымша ақпаратты жақын арада хабарлаймыз.