Біртұтас сақтандыру экожүйесі: «Қазақмыс» СК, «KM Life» ӨСК және «Өркендеу» медициналық ассистанс AIF 2025 көрмесінде

2025 жылғы 29–30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Astana International Forum (AIF) халықаралық форумы өтті. Аталған форум пікір көшбасшыларын, бизнес өкілдерін және халықаралық ұйымдарды біріктірді. Қатысушылардың қатарында «Қазақмыс» сақтандыру тобы да болды. Топты «Қазақмыс» СК, «KM Life» ӨСК және «Өркендеу» медициналық ассистансы таныстырды.

Біз Қазақстан сақтандыру нарығында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз және бүгінде жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру және медициналық ассистансты қамтитын біртұтас экожүйені ұсынып отырмыз. Форум аясында біз интеграцияланған моделіміздің қалайша сенімді, үздіксіз және уақтылы қорғанысты қамтамасыз ететінін — жеке қауіпсіздіктен бастап бизнес үшін кешенді шешімдерге дейін — нақты көрсеттік.

Соңғы жылдары жаңа емханалар мен стационарлар ашылып, білікті дәрігерлер тартылды, сондай-ақ медициналық персоналдың оқуы мен біліктілігін арттыру шаралары жүргізілді. Біз медициналық қызметтерге шектеусіз қолжетімділікті ұсынып, әрбір қызметкердің денсаулығына жан-жақты қамқорлық жасап, елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға өз үлесімізді қосып келеміз.

Бүгінгі таңда біз бірыңғай бағдарлама аясында ең көп сақтандырылған тұлғаларға қызмет көрсетіп келеміз — бұл біздің жұмысымызға деген жоғары сенімнің және әлеуметтік салада енгізіліп жатқан шешімдердің тиімділігінің айғағы.

Сонымен қатар біз елімізде алғаш рет енгізілетін «Қызметкердің денсаулық портреті» атты цифрлық платформаны әзірлеп жатырмыз. Бұл — өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығын кешенді түрде қолдауға арналған құрал. Ол аурулардың алдын алуға, денсаулық жағдайын мониторингтеуге және дербес сүйемелдеуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Бұдан бөлек, біз жасыл экономика саласындағы жобаларға да сақтандыру қолдауын көрсетіп, елдің экологиялық тұрғыда орнықты дамуына өз үлесімізді қосудамыз.

AIF 2025 форумына қатысу — мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Қазақмыс» СК, «KM Life» ӨСК және «Өркендеу» медициналық ассистансы өзара іс-қимыл нәтижесінде сақтандыру мен медициналық қызметтердің синергиясы арқылы әлеуметтік бағытталған және орнықты болашақты құруға болатынын нақты көрсетті.

Біз Мемлекет басшысына, Үкіметке және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа бизнеске көрсетіліп отырған қолдауы және ел игілігі жолында ауқымды жобаларды іске асыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.