Абайлаңыз, алаяқтар!

Құрметті клиенттер,

Соңғы кездері Қазақстанда сақтандыру саласында және телефон арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Сенімге ие болу үшін алаяқтар өзін құқық қорғау органдарының, банктердің қызметкерлері, сақтандыру компаниясының қызметкерлері немесе агенттері ретінде көрсете алады, тіпті телефон нөмірін де алмастырады. Сіз тіпті айырмашылықты байқамайсыз - бұл таныс компаниядан шалынған қоңырау ретінде болып көрінеді.

Негізгі мақсат - жеке деректеріңізді және ақшаңызды әртүрлі жолдармен иемдену: сіздің атыңызға несие немесе сақтандыру келісімшартын рәсімдеу, сізге «өте қолайлы» шарттар ұсыну арқылы жұмыс істеуге шақыру, бейтаныс шотқа ақша аудару арқылы әртүрлі қызметтерді төлеу секілді. Ақша ұрлаудың бұл әдісі «вишинг» деп аталады – ағылшын тілінің voice phishing деген сөзінен шыққан: дауыстық фишинг немесе балық аулау.

Не істеу керек?
Мұндай жағдайда ең бастысы – сабыр сақтауыңыз керек.
Әңгімелесушінің сізден сұрағандарының ештеңесін істемеңіз: ешкімге ақша аудармаңыз, жеке деректеріңізді және картаңыздың деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, күмәнді сілтемелерді ашпаңыз, сөйлесу кезінде сізге жасалған ұсыныстар бойынша ешқандай әрекет жасамаңыз немесе әңгімелесушінің талаптарын орындамаңыз.

Әңгімелесу барысында, әңгімелесушінің сақтандыру мәселелері бойынша сізге қатысты алдау әрекеттері орын алды деген күдік туындаса, әңгімені тоқтатып, телефонды өшіріп, www.kmlife.kz сайтында көрсетілген нөмірлерге қайта қоңырау шалыңыз:: +7 727 310 10 10, + 7 776 237 10 10. Сондай-ақ, сіз әрқашан sales@kmlife.kz немесе info@kmlife.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.

Қаржылық сауаттылық бойынша білім беру медиа-порталындағы алаяқтықтың негізгі белгілері мен схемалары туралы ақпарат:  https://fingramota.kz/ru/rubric/caution-scammershttps://fingramota.kz/ru/post/moshenniki-pod-vidom-strahovshchikov-kak-ih-raspoznat