Ойна-талаптан-жеңіске жет!

2023 жылғы 27 мамырда біздің Компания сақтандыру компаниялары арасында шағын футболдан 10-шы мерейтойлық жыл сайынғы жолдастық турнирге белсенді қатысты.

Чемпион мәртебесі үшін бірден 13 сақтандыру компаниясы: “Қазақмыс” СК және “КМ Life” ӨСК, “Халық” СК және “Халық” ӨСК,  “Сентрас Иншуранс” СК, “НСК” СК және “Standard Life” ӨСК, “Freedom Finance Insurance” СК және “Freedom Finance Life” ӨСК, “Basel” СК және “Jusan Garant” СК, “Еуразия” СК, “Nomad” СК, “Amanat” СК және “МАК” СК күресті. Ақтық сында “ Freedom Finance Life” сақтандыру компаниясының командасы жеңіске жетті.

Турнирге қатысу - бұл жыл сайынғы жақсы дәстүр және ресмиліктен тыс қарым-қатынас жасаудың керемет амалы, жақсы көңіл-күй сыйлау, командалық рухты көтеру, компания мәртебесін қолдау әрі нығайту.

Біз шараны ұйымдастырушы “Сентрас Иншуранс” СК, басқа сақтандыру компанияларындағы өз әріптестерімізге әдемі футбол үшін және жарқын да жағымды көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз.

Біз футболшыларымызды мақтан тұтамыз – тамаша ойыны, берілгендігі, кәсіби ойыннан алған қуанышты эмоциялары және сақтандыру компаниялары арасындағы турнирге қатысқандары үшін рахмет!

Жанкүйерлерге ең жақсы, қатты және эмоционалды қолдау, командаға сенім, ұмытылмас атмосфера және жеңіске деген мотивация үшін рахмет.

Командамызды болашақта көптеген жеңіс пен жетістік күтіп тұрғанына сенімдіміз.

Бірге - біз күшпіз! Жаңа табыстарға жете бер!

 

сондай-ақ

Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Сіздерді Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бізге 4 жыл!