2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді

Дамудың жаңа кезеңіне өту үшін, әділетті Қазақстанды құру жолындағы кешенді реформаларды табысты жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау – бүкіл саяси жүйені түбегейлі қайта серпілтетін сайлау айналымына жаңа бастама береді. 

Жаңа заңнамаға сәйкес, енді президентті тек бір жеті жылдық мерзімге ғана сайлайды.

Қазақстандықтарға қолайлы болу, белсенді қатысу және дауыс беру үшін арнайы сайлау учаскелері ұйымдастырылады.

Жауапкершілік пен ынтымақ таныту, демократия, заңдылық пен тәртіп қағидаларына адал болу маңызды. Қазақстанның тағдыры мен болашағы әрқайсымыздың қолымызда!

Алдағы сайлау туралы толық ақпарат - https://www.election.gov.kz/kaz/ сілтемесі бойынша қол жетімді.