Зейнетақы аннуитеті
Болашаққа сенімділік — дәл қазір! Зейнетке шыққан кезде өмір бойы кепілдендірілген табыс
Алдын ала есептеу
Зейнетақы аннуитеті – өмір бойы тұрақты табыс!
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын:
- 45 жастан үлкен.
- Жиынтық кемінде 60 күнтізбелік айға оларға МКЗЖ төленген, 40 және одан үлкен жастағы тұлғалар жасай алады.
- 53 жастан (әйелдер үшін) және 55 жастан үлкен (ерлер үшін).
- жиынтық кемінде 60 күнтізбелік айға оларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) төленген, 50 және одан үлкен жастағы тұлғалар жасай алады.

Бағдарлама туралы толығырақ
Зейнетақы аннуитеті туралы білу маңызды:
Өмір бойы кепілдендірілген төлемдер: БЖЗҚ-дан аударылған сома таусылған күннің өзінде сіз тұрақты төлемдер алып отырасыз. Біз сіздің зейнеттегі қаржылық тұрақтылығыңызды қамтамасыз етеміз.
2026 жылға арналған БЖЗҚ-дағы шарт жасасуға қажетті ең төменгі сома: Жедел аннуитет (53-55 жастан басталады): Ерлер – 10 048 456 теңгеден бастап, Әйелдер – 13 180 592 теңгеден бастап. Кейіге қалдырылған аннуитет (45 жастан басталады): Ерлер – 9 163 722 теңгеден бастап, Әйелдер – 11 476 285 теңгеден бастап.
МКЗЖ бойынша жеңілдіктер: Егер сіз үшін кемінде 5 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленсе, төлемдерді 50 жастан бастап алуға мүмкіндік бар! Бұл жеңілдік зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты.
Жинақ жеткіліксіз бе? Мәселе емес! Егер БЖЗҚ-дағы қаражат жеткіліксіз болса, сіз ерікті зейнетақы жарналарын пайдаланып, шарт жасап, өзіңізге лайықты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ете аласыз.
Шарт жасасу тәртібі:
Жинағыңызды анықтаңыз: Жинақ сомасын тексеріп, KM Life компаниясына аударуға қажетті мөлшерді есептеңіз.
Мұрагерлерді қосыңыз: Қалауыңызға қарай төлемдерді мұрагерлерге беру үшін кепілдендірілген кезеңді белгілеңіз.
Есептеп, шартты рәсімдеңіз: Біз сізге төлем мөлшерін есептеп, шартты ресімдейміз.
Тұрақты табыс алыңыз: БЖЗҚ қаражатты аударады, ал KM Life төлемдерді бастайды!
KM Life - өмір бойы қорғаныс пен тұрақты табыс! Қазір бастауға тамаша мүмкіндік!
Сақтандыру жарнасы
Сақтандыру жарнасы – бұл сіз БЖЗҚ-дан KM Life компаниясына аударатын зейнетақы жинақтарыңыз. Бұл қаражат сіздің болашақтағы өмір бойғы төлемдеріңіздің негізі болып табылады. Егер жинақ жеткіліксіз болса, сіз әрқашан ерікті жарналар арқылы өз "зейнетақы капиталыңызды" арттыра аласыз.
Сақтандыру төлемдері
Біз сізге өмір бойы ай сайынғы төлемдер ұсынамыз. Егер күтпеген жағдай орын алса, мұрагерлеріңіз шартта өзіңіз көрсеткен кепілдендірілген кезең ішінде төлемдерді ала береді.
Төлемдерді алу мерзімінің басталуы:
Зейнет жасына жеткенде (әйелдер үшін 61 жастан, ерлер үшін 63 жастан)
Төлемдер кезеңі:
Зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін
Мұрагерлер:
БЖЗҚ-дағы пайдаланылмаған жинақ сомасын алушы шетелге қоныс аударған немесе басқа жағдайларда ала алады, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлері ала алады
Мемлекеттік зейнетақы:
Зейнет жасына жеткенде (әйелдер үшін 61 жастан, ерлер үшін 63 жастан)
Төлемдерді алу мерзімінің басталуы:
Зейнет жастан 8 жыл бұрын (әйелдер үшін 53 жастан, ерлер үшін 55 жастан)
Төлемдер кезеңі:
Өмір бойы. Тіпті төлемдердің жалпы сомасы БЖЗҚ-дан аударылған жинақ сомасынан асып кетсе де, төлемдер тоқтатылмайды.
Мұрагерлер:
Кепілдендірілген кезеңі бар сақтандыру шарты жасалған жағдайда, төлемдер алдымен алушыға, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлеріне төленеді.
Мемлекеттік зейнетақы:
Зейнет жасына жеткенде
Құжаттар
Сақтандыру сыйақысын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сұрақтар
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?
Бұл міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру компаниясымен өмір бойы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жасалатын зейнетақы аннуитеті шарты.
Зейнетақы аннуитеттерінің қандай түрлері болады?
Зейнетақы аннуитеттерінің қандай түрлері болады?
• Жедел зейнетақы аннуитеті – төлемдер зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін бірден басталады. • Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті – төлемдер кейінірек (мысалы, 55 немесе 50 жастан) басталады. • Кепілдендірілген кезеңі бар зейнетақы аннуитеті – төлемдер шартта көрсетілген тұлғаға, ал ол болмаған жағдайда мұрагерлерге кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. • Бірлескен зейнетақы аннуитеті – екі адамға (мысалы, ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарға) ресімдеуге болады.
Зейнетақы аннуитеті шартын кімдер жасай алады?
Зейнетақы аннуитеті шартын кімдер жасай алады?
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын мына тұлғалар жасай алады:
- 45 жастан бастап;
- 40 жастан және одан жоғары, өздері үшін МКЗЖ жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай төленген тұлғалар. Жедел зейнетақы аннуитеті шартын мына тұлғалар жасаса алады:
- 53 жастан бастап (әйелдер үшін) және 55 жастан бастап (ерлер үшін);
- 50 жастан және одан жоғары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай төленген тұлғалар. Маңызды: БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы қажет.
Жинақтардың ең төменгі қандай сомасы қажет?
Жинақтардың ең төменгі қандай сомасы қажет?
2026 жылғы ақпарат бойынша, шамамен:
Жедел аннуитет шартын жасасқан кезде: • Ерлерде (55 жас): ~10,1 млн теңгеден бастап • Әйелдерде (53 жас): ~ 13,2 млн теңгеден бастап болуы тиіс
Кейінге қалдырылған аннуитет шартын жасасқан кезде: • Ерлерде (45 жас): ~9,2 млн теңгеден бастап • Әйелдер (45 жас): ~ 11,5 млн теңгеден бастап болуы тиіс
Зейнетақы аннуитетін бұзуға бола ма?
Зейнетақы аннуитетін бұзуға бола ма?
Зейнетақы аннуитеті шартын бұзу сақтанушының бастамасы бойынша ғана (зейнетақы аннуитеті шартын екі тұлға жасаған жағдайда – сақтандырылушылардың бастамасы бойынша) зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың белгілі бір талаптары сақталған кезде мүмкін болады.
Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерден қандай салықтар алынады?
Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерден қандай салықтар алынады?
2026 жылдан бастап зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге салық салынбайды.
Сақтанушы қайтыс болған жағдайда не болады?
Сақтанушы қайтыс болған жағдайда не болады?
• Егер кепілдендірілген кезең таңдалса — төлемдерді мұрагерлер немесе сақтандыру шартында көрсетілген тұлға алады. • Егер кепілдендірілген кезең таңдалса — төлемдерді зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлға, ал ол болмаған жағдайда мұрагерлер алады. • Егер кепілдендірілген кезең таңдалмаса — төлемдер тоқтатылады.
Зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасасуға болады?
Зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасасуға болады?
Қадам бойынша:
- Сақтандыру компаниясына жүгіну.
- Зейнетақы аннуитеті бойынша есептеу алу.
- Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу.