KM Life

Бекболатова Назым Бекболатовна

Басқарма Төрайымы

Құрметті келушілер! Блогыма және компаниямызға көңіл бөліп, қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен сіздермен әрдайым ашық диалог орнатуға дайынмын — сұрақтарыңызға қуана жауап беремін, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қуанышпен қабылдаймын. Өз сұрағыңызды қойыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз немесе жеке тәжірибеңіз туралы айтып беріңіз. Сіздің кері байланысыңыз біз үшін өте құнды — ол бізге одан әрі дамып, сіздерге жақсырақ қызмет көрсетуге көмектеседі.

Басқарма төрағасына сұрақ қойыңыз

Сұрақтар, пікірлер мен ұсыныстар басқарма төрағасына жеке жеткізіледі.

  • Сұрақты басқарма төрағасы оқиды

  • Жауап заңнамада белгіленген мерзімде дайындалады

  • Жауап көрсетілген электрондық поштаға келеді

Өтінеміз, нысанды толтырыңыз

Біздің маман жақын арада сізбен міндетті түрде хабарласады

Тегі *

Есімі *

Әкесінің аты (бар болса)

ЖСН *

Байланыс телефоны *

Электронды пошта*

Сипаттама

Тіркемe (ең көбі 10 МБ), pdf, png, jpeg форматында

Жалпы сұрақтар

Біздің күнделікті өміріміз, әдетте, болмашы қуаныштар мен реніштерге толы үйреншікті жұмыстармен және қарбаласпен өтіп жатыр, әрі біз оны өз бақылауымыздай ұстаймыз. Біз ағымдағы жағдайға қарап, болашақтағы оқиғаларды бірнеше жыл алға жоспарлаймыз. Мысалы, біз отбасын құрып, оны қамтамасыз етеміз, балаларымызды өсіріп, оларды оқытуға қаражат жинауды жоспарлаймыз, ата-аналарымызға қамқорлық танытамыз, сондай-ақ бұл жоспарымызда жағымсыз жағдайларға орын бола бермейді. Өкінішке орай, біздің өмірімзде күйбең тірлікте күтпеген жағдайлар орын алып жатады, жоспарымызды түбегейлі өзгертіп, кәдімгі моральды шығын мен жапа шегуінен бөлек, жоспарымызды іске асыра алмай, айтарлықтай материалдық тұрғыдан айырылып қалуға алып келеді. Мысалы, жазатайым оқиға нәтижесінде отбасы өз асыраушысынан айырылса не болмаса еңбекке жарамсыз болса, отбасы кірісі бірден төмендейді немесе жағдайлары мүлдем мүшкіл болады, отбасы мүшелері үйреншікті өмірінен бас тартуға мәжбүр болады. Өмірді сақтандыру мұндай күйзелістен шығуға және үйреншікті болған өмір салтын сақтап қалуға көмектеседі.

Сондай-ақ сақтандыру артықшылығы – біздің мінез-құлқымыздың оң жаққа қарай өзгеруі. Мысалы, аздаған жарақаттар алып, аурулар болған кезде адамдар жай емханалардағы кезектерді немесе емдеуге жұмсалатын шығынды еске алып, өзін-өзі емдеп, медициналық мекемелерге көмек сұрап бармауы да мүмкін. Сонымен қатар, уақтылы білікті көмек көрсетпеген жағдайда, тіпті болмашы жарақаттың өзі жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Мысалы, медициналық сақтандыру полисі болған жағдайда, адам ағымдағы шығын туралы ойламай, алдын ала таңдалған медициналық мекемеде ем қабылдай алады, яғни оның дәрігерге көрінуі әбден мүмкін екенін және уақытылы көмектің көрсетілетінін білдіреді.

Мысалы, батыс елдерінде сақтандыру полисін сатып алуға үйреншікті жағдай ретінде қарайды, кез келген ересек және өз-өзіне жауапты адамның өмірді және/немесе денсаулықты сақтандыру полисі бар.

Алдыңғы мысалда айтып өткендей, қарыз алушы қайтыс болғанда немесе ол еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, кредит алған кезде өмірді сақтандыру арқылы қарыз алушының отбасын немесе оның мұрагерлерін кредитті өтеу немесе кепілге қойылған мүлікті жоғалту қажеттілігінен қауіпсіздендіруге болады. Кредитті өтеу міндеті сақтандыру компаниясына аударылады.