НегізгіКомпания туралыБос жұмыс орындары

Бос жұмыс орындары

Біздің компанияның ең басты ресурсы – адамдар.
Сондықтан да әртүрлі деңгейдегі кәсіби қызметкерлерді іріктеуді көздейміз.

  • Қызметкерлерді үздіксіз кәсіби оқыту және дамыту.
  • Кадрлық резерв құру және дарынды мамандарды басқару.
  • Қызметкерлерді ынталандыру және оларға жағдай жасау.
  • Жеке және топ нәтижелерін бәсекеге қабілетті еңбекақы төлемімен қамтамасыз ету.
  • Қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

Ашық вакансиялары

Қаржы директоры

  • Қажетті жұмыс тәжірбиесі: 1–3 жыл.
  • Толық жұмыс күні, толық жұмыспен қамту.

Міндеттері:

  • Ақша ағымдарын ұйымдастыру және басқару;
  • Компанияның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы арақатынасты реттеу;
  • Ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Бюджет процессін басқару;
  • Компанияның қаржылық және салық саясатын құру және жетілдіру, салықтық жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, есептік саясатты жетілдіру, әкімшілік-шаруашылық қызметтің шығындарын оңтайландыру;
  • Инвестициялық қызметті талдау және қаражат салудың орындылығын бағалау, жаңа инвестициалық бағыттарды іздеу;
  • Қаржы тәуекелдерді талдау және бағалау, оларды барынша азайтудың шараларын әзірлеу, қаржылық тәртіптің сақталуын міндеттемелердің уақытылы толық орындалуы және кірістердің түсуі, контрагенттермен, екінші деңгейлі банктермен, брокерлермен және тағы басқаларымен қаржылық-шаруашылық операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау арқылы бақылауды қамтамасыз ету;
  • Қаржылық есепті құру және Компанияның автоматтандыру процестеріне қатысу, жоспардың нақты көрсеткіштерінің сәйкестігін бақылау және ауытқуларын талдау, есептілік беру, жоғарғы деңгейдегі басшыларға объективті шынайы ақпарат беру, Компанияның барлық бөлімшілерінің арасында ақпарат алмасуды үйлестіру;  
  • Перспективті және ағымдағы қаржы жоспарларын және ақша қаражаттарының бюджеттерін жасау, бюджеттің бекітілген жүйесін және одан туындайтын лимиттер мен  нормативтердің тапсырмаларын Компания бөлімшелеріне жеткізу, олардың орындалуын қадағалау;
  • Бағыныстағы қызметтердің персоналына жалпы басшылық ету.

Қойылатын талаптар:

  • «Қаржы және кредит», «Кәсіпорын экономикасы», «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша жоғарғы білім;
  • Қаржы саласында жобаларды басқару тәжірбиесі (сақтандыру компаниялары)
  • Компьютерді тәжірбиелі қолданушы деңгейінде білу, негізгі бағдарламарды білу, әсіресе 1С, Excel;
  • Салықтық, бухгалтерлік және аудиторлық есептілік саласында білім болуы;
  • Негізгі заңдылық және нормативтік құжаттарды білу;
  • Шешендік және дипломатилық қабілеттерге ие болу;
  • Есептерді, презентацияларды дайындау, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
  • Сақтандыру саласында немесе 2 деңгейлі банктерде қаржы директоры немесе қаржы директорының орынбасары лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірбиесінің болуы.  

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы;
  • Оқу және біліктілікті арттыру мүмкіндігі;
  • Әлеуметтік пакет: ерікті медициналық сақтандыру, жеке жағдайларға байланысты материялдық көмек;
  • Сыйлықақылар;
  • Сofferoom.
Вакансияға жауап беру