KM Life

29.10.2026

Сақтандыру саласындағы алаяқтарды қалай тануға болады?

Сақтандыру саласындағы алаяқтарды қалай тануға болады?

Бүгінгі таңда өмірді сақтандырудың көптеген өнімдерін қашықтан ресімдеуге болады, бұл сақтандыру қызметтерін клиенттер үшін қол жетімді және ыңғайлы етеді. Сондықтан сандық арналардың дамуын алаяқтар да пайдалана алады, өздерін сақтандыру компанияларының қызметкерлері немесе өкілдері ретінде таныстырып, жинақтаушы немесе инвестициялық бағдарламаларды рәсімдеуді ұсынады. Осы орайда, сақтандыру компанияларының өкілдері ретінде көрінетін алаяқтарды қалай танып білуге болатындығын барлық адамдар біле бермейді.

Сақтандыру компаниясын және ұсынылатын қызметті қалай тексеруге болатындығын, нақты компанияны алаяқтық тәсілдерден қалай ажыратуға болатындығын және келісімшарт жасасып, ақша аударғанға дейін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін түсіну маңызды.

Мысалы, сізге зейнетақы аннуитетін, жинақтаушы немесе инвестициялық бағдарламаны тартымды шарттармен рәсімдеуді ұсынып, өмірді сақтандыру компаниясының атынан қоңырау шалады немесе хат жазады. "Кеңесші" өнімнің артықшылықтары, түсуі мүмкін болатын табыстар, бонустар немесе арнайы шарттар туралы айтады және келісімшарт пен төлем жасау үшін сілтеме жібереді.

Бұндай жағдайда жіберілген сілтеме сақтандыру компаниясының ресми ресурсына емес, сыртқы түрі іс жүзінде шынайы сайттан ерекшеленбейтін жалған сайтқа әкелуі мүмкін. Мұндай ресурста енгізілген дербес және төлем деректері алаяқтардың қолына, ал аударылған ақша қаражаты — үшінші тарап шоттарына түсуі мүмкін.

Алаяқтардың қолына жеке дербес деректерді беруді болдырмау үшін, сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілетін қолданыстағы лицензиясының бар екеніне көз жеткізу керек. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің ресми ресурсынан міндетті түрде тексеріңіз.

Сонымен қатар, келесі жағдайларға көңіл бөлу маңызды:

  • Компанияның ресми деректемелері мен байланыс мәліметтері болуы тиіс: компания, оның атауы, БСН, мекен-жайы, телефондары және сайты туралы ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыру қажет.
  • Шарт тек сақтандыру компаниясымен жасалуы керек. Қол қоймас бұрын сақтандыру шарттарымен, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мен енгізу тәртібімен, шарттың қолданылу мерзімімен, сақтандыру оқиғаларымен, төлемдермен және шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайларымен мұқият танысу маңызды.
  • Ақша қаражаттары жеке тұлғалардың жеке шоттарына аударылмауы керек. Төлем сақтандыру компаниясының ресми деректемелері бойынша және ол белгілеген тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс.
  • Кепіл берілген ультра жоғары кіріс немесе жылдам табыс туралы уәде бергенде күмәндану керек. Өмірді сақтандыру - бұл шартта бекітілуі керек анықталған шарттары бар қаржылық өнім. Құжаттарда белгіленбеген делдалдың ауызша уәделері сақтандыру шартының талаптары болып табылмайды.
  • Қысыммен шешім қабылдауға болмайды. Ақшаны шұғыл аудару, шартты "тек бүгін" рәсімдеу, SMS-тен кодты беру, банк картасының деректері немесе банктік қосымшаға кіру талаптары сақ болуға маңызды себеп болып табылады. Қысы жағдайында шешім қабылдауға болмайды.
  • Ақпаратты тікелей сақтандыру компаниясында тексерген дұрыс. Егер ұсыныс агент, кеңесші, мессенджер немесе әлеуметтік медиа арқылы келсе, өмірді сақтандыру компаниясының ресми сайтына өз бетінше кіріп, ресми нөмірді тауып, мұндай өнімнің шынымен бар-жоғын және оны компания ұсынатындығын нақтылау қажеттілігі ұсынылады.

Ең басты ереже — сақтандыру компаниясының өзі, оның лицензиясы, ұсынылатын өнімнің деректемелері мен шарттары тексерілгенге дейін белгісіз тұлғалардан алынған сілтемелерді басуға, ақша аударуға және жеке немесе банктік деректерді беруге болмайды.

Есіңізде болсын, егер ұсыныстың шынайлығына күмәніңіз туындаса, сақтандыру компаниясына тікелей хабарласу немесе ақпаратты ресми ресурстар арқылы тексеру дұрыс.

Басқа мақалалар

Барлығы