29.10.2026
Өмірді сақтандыру дегеніміз не?

• Өмірді сақтандыру дегеніміз не?
Көп адамдар өмірді сақтандыру — бұл қайтыс болған жағдайдағы жай ғана ақша төлеп беру деп ойлайды. Ал шын мәнінде бұл әлдеқайда көп нәрсені қамтиды. Бүгінгі таңда өмірді сақтандыру полисі ауыр сырқаттанғанда, еңбекке қабілеттілігін толық жоғалтқанда, сонымен қатар әрине қайтыс болған жағдайда төлем төлеуді қамтуы мүмкін.
Бұл – сіз бен сақтандыру компаниясы арасында жасалған ресми келісім-шарт, онда сіз немесе сіздің отбасыңыз төлемді қашан және қандай жағдайда алатындығы туралы нақты жазылған.
• Бұл не үшін қажет?
1. Азырақ инвестиция салу арқылы қаржылық қорғану.
Өмірді сақтандыру қаржылық тұтқа ретінде жұмыс істейді: сіз тұрақты түрде аз мөлшерде ақша төлейсіз және оның орнына үлкен сомаға сақтандыру қорғанысын аласыз. Мысалы, сіз айына 10 000 теңге төлеп 5 000 000 теңгеге қорғаныс аласыз. Бұл күтпеген оқиға болған жағдайда қолыңызда "қаржылық қолшатырыңыз" бар секілді, бұндай ақшаны тұрақты шотта немесе қысылтаяң күнге сақталған қаржы ретінде бір жерде ұстаудың қажеті жоқ.
2. Отбасының тыныштығы
Егер сіз отбасыңызда ақша табатын жалғыз адам болсаңыз, өмірді сақтандыру — бұл сіздің жақындарыңызға қамқорлық жасауыңыздың тәсілі. Ауыр қайғылы жағдай орын алған жағдайда, басқа түскен шынайы өмірлік қиындықтарға бейімделу үшін, оларға ақша іздеудің, пәтер сатудың немесе қарыз алудың қажеттілігі болмайды. Бұл маңызды эмоционалдық және қаржылық қолдау болып табылады.
3. Тәуекелді сақтандыру компаниясына табыстау
Сізбен аяқ асты әртүрлі қиын жағдайлар болуы мүмкін: кенеттен өміріңіз үзілуі, емі қиын ауруға душар болуыңыз немесе еңбекке жарамдылығыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Егер сізде оындай жағдайда сақтандыру полисі бар болса — қаржылық тәуекелдер сіздің отбасыңыздың мойнына түспейді. Сақтандыру компаниясы сіздің жақындарыңыз одан ары қаржылық күйзеліссіз өмір сүруі үшін ақша төлейді.
4. Қысылтаяң күнге жасалатын қаржылық жоспар
Ешкім ертен не боларын білмейді. Өмірді сақтандыру — бұл сауатты қаржылық жоспардың бөлігі болып табылады. Мұрагерлік жоспарымен бірге ол сіз болмасаңыз да, отбасыңызға тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.
Бір өмір аяқталса да, екіншісі жалғасуы керек екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан өмірді сақтандыру — бұл қамқорлық пен жауапкершілік туралы.
• Сізге қандай соммаға сақтандыру керек?
Ұстанымда болу керек жақсы ереже: сіздің сақтандыру полисі бойынша қорғанысыңыз кем дегенде 5-10 жылдық кірісіңізден кем болмауы керек. Мысалы, егер сіз жылына 5 000 000 табыс тапсаңыз — 25-тен 50 млн теңгеге дейінгі сомаға қорғаныс жасау туралы ойланыңыз.
Бұл мына нәрселерге мүмкіндік береді: емделуге немесе оңалуға кететін шығындарды жабуға, әдеттегі өмір сүру деңгейін сақтауға және қиын жағдай туындағанда ақша үшін алаңдамауға.
• Сақтандыру шартын қандай оңтайлы мерзімге жасау керек?
Мерзімді таңдау сіз өзіңізді және отбасыңызды алдын ала қанша жылға: 1, 5 немесе 10 жылға бұрын қорғағыңыз келетініне байланысты. Сондай — ақ өз бюджетіңіз бен мақсаттарыңызды ескеріңіз — мысалы, балаларға мұра қалдыруға ма әлде қиын жағдайда отбасыңызды қолдауға ма?


