29.10.2026
Несие алу кезінде өмірді неліктен сақтандыру қажет екендігінің 5 себебі

Статистикаға сәйкес, адамдар көбінесе құнды заттарды сатып алу үшін қажетті сома қолдарында болмағандықтан тұтынушылық несиелерді пайдаланады. Мысалы, адам автокөлік, тұрмыстық техника немесе электроника, қымбат киім сатып алғысы келеді, тіпті қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келеді, бірақ бұл үшін қажетті ақша болмайды. Бұл жағдайда несиелік ұйым клиентке тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға ақша береді, ал адам ақшаны пайызбен біртіндеп қайтаруға міндеттенеді.
Бірақ кейде қарыз алушыға қарызды төлеуге кедергі келтіретін күтпеген жағдайлар пайда болады. Мысалы, денсаулықтың күрт нашарлау қаупі бар. Егер адам ауырып жұмыс істей алмаса, бұл жағдай оны немесе оның туыстарын несиені төлеуді жалғастырудан босатпайды. Бұндай жағдайлар көптеген отбасылар үшін көтере алмайтын қаржылық жүктемеге айналуы мүмкін, ал төлемдердегі уақытынан кешіктіру, сонымен қатар айтарлықтай айыппұлдарға әкеледі.
Сондықтан қарыз алушының өмірі мен денсаулығының сақтандырылғанына алдын-ала қамдану маңызды. Бұндайда, қарыз алушының өмір сақтандыру полисі болса, және де қарыз алушымен бірдеңе болса, сақтандыру компаниясы осы несиелік жүктемені өз мойнына алады және несиелік ұйым алдындағы қарызды өтейді.
Төменде несие алу кезінде қарыз алушының өмірін сақтандырудың маңызды 5 себебі көрсетілген.
Қаржылық себептер:
- Қарыз алушының жақындарын қаржылық ауыртпалықтан қаржылық қорғау.
Күтпеген жағдайлар орын алған кезде өмірді сақтандыру, сақтандыру компаниясынан төлем жасау арқылы қалған несие сомасын өтеуге көмектесіп, отбасын қарыз жүктемесінен құтқарады. Себебі, қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, оның туыстарына оның мұрасын қабылдаумен қатар несиелері бойынша қарыздары да өтеді.
- Ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық.
Сақтандыру еңбекке жарамсыздық, денсаулықтың нашарлауы немесе басқа да форс-мажорлар жағдайында, несиені өтей алмаумен байланысты аяқ асты туындайтын қаржылық проблемалардан құтылуға көмектеседі.
- Несиелік ұйым үшін тәуекелдерді азайту.
Несиелік ұйымдар сақтандыруы бар несиелерді ықыласпен мақұлдайды, себебі бұл олардың тәуекелдерін азайтады, ал кейде бұл қарыз алушыға несие рәсімдеу кезінде пайдалырақ шарттар алуға мүмкіндік береді.
Эмоционалдық себептер:
- Ертенгі күнге деген сенімділік.
Сақтандыру полисінің бар болуы қарыз алушыға және оның отбасына қауіпсіздік сезімін береді: қиын өмірлік жағдайда да қаржылық міндеттемелер жабылады.
- Сізге және сіздің отбасыңызға бернілетін тыныштық.
Несиенің сақтандырылғанын білу, болуы мүмкін қаржылық қиындықтар туралы еш алаңдамай, өмірдің басқа маңызды аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру полисінің осындай артықшылықтарын ескере отырып, өмірді сақтандыру – бұл тек формальдылық емес, ұзақ мерзімді перспективада тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал деп сеніммен айтуға болады.


