KM Life
Жаңалықтар

15.10.2025 11:51

«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары NEW VISION 2025 халықаралық бизнес-форумына қатысты!

«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары NEW VISION 2025 халықаралық бизнес-форумына қатысты!

2025 ж. 9–11 қазан аралығында Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі іскерлік іс-шаралардың бірі — New Vision 2025 форумы өтті. Бұл — әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлерді, инвесторларды, технология көшбасшыларын және жаңашылдарды біріктірген ерекше алаң. Форумда қатысушылар 50 елдің сарапшыларынан дәріс тыңдап, идеялармен алмасып, нетворкинг және шеберлік сабақтарына қатысты.

Біздің компаниялар стратегиялық сессияларға, воркшоптарға және әйгілі спикерлер — Робин Шарма, Джефф Хоффман, Макс Ховард және Трип Хокинспен кездесулерге қатысты.

Форум аясында келешектің басты бағыттары талқыланды:

  • Өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылық,
  • Цифрлық экономиканы дамыту,
  • Сақтандыру мен қаржы саласындағы инновациялар,
  • Корпоративтік мәдениет пен бизнестің орнықты дамуы.

New Vision 2025 форумына қатысу – біздің компаниялар үшін корпоративтік мәдениетті нығайту, стратегиялық ойлауды жетілдіру және халықаралық байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

Біз жаңа идеялармен шабыттанып, алған білім мен тәжірибемізді компанияларымыздың өсуі мен дамуы үшін қолдануға дайынбыз!

Барлық жаңалықтар

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз — мамандарымыз көмектеседі.

8 800 004 10 10

Басқа жаңалықтар

Барлығы