28.08.2026 09:30
Бізге 7 жыл!
Бүгін KM Life компаниясы 7-ші туған күнін тойлап жатыр!
Осы уақыт ішінде компания сенімді даму жолынан өтіп, өмірді сақтандыру нарығындағы өз орнын нығайтты, клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, серіктестерінің сеніміне ие болды.
Біздің жетістіктеріміз - кәсіби командамыздың бірлігі, жауапкершілігі және үздіксіз дамуға деген ұмтылысының нәтижесі.
Компаниямызға сенім артып, қолдау көрсеткен және бізді таңдаған барша клиенттеріміз бен серіктестерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз.Бірлескен жұмысымыз ынтымақтастығымызды нығайтып, жаңа көкжиектерге жол ашсын! Алда бізді тек жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер күтсін!

