21.04.2026 17:32
KIMEP Job Fair 2026
9 сәуірде Алматы қаласында ең ірі жәрмеңкелердің бірі - Job Fair 2026 өтті. Оған «Қазахмыс» Сақтандыру компаниясы мен «KM Life» қатысты.
Бұл талантты мамандармен танысуға, тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін табуға арналған тамаша алаң. Күні бойы біздің команда:
• болашағы зор кандидаттармен танысты; • мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтты; • сақтандыру саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Әсіресе, тікелей қарым-қатынас, жаңа таныстықтар және біздің салада дамуға деген қызығушылық ерекше құнды. Біз осындай бастамалардың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және жас мамандарды кәсіби даму жолында қолдауға әрдайым дайынбыз.


