13.11.2019 18:00
Қазақстандықтар жинақтаушы өмірді сақтандыруға сенім арта бастады
Қазақстандықтар жинақтаушы өмірді сақтандыруға, соның ішінде шетел валютасындағы сақтандыруға көбірек сенім арта бастады. Өткен жылы өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 54,7 миллиард теңгені құрады.
Ranking.kz хабарлауынша, биыл бұл көрсеткіш одан да жоғары болады деп күтілуде. Тек 2019 жылдың алғашқы 7 айының өзінде-ақ 40 миллиард теңге көлемінде сақтандыру сыйлықақысы жиналған.
Сонымен қатар, қазақстандықтар көбіне өмірін АҚШ долларында сақтандыруды жөн көреді. Себебі сақтандыру мерзімі аяқталған соң төлемдерді осы валютада алуға болады, бұл теңгеге қатысты доллар бағамының өсуін ескергенде белгілі бір артықшылықтар береді.
Мұндай таңдауды доллар сатып алу көлемінің артуы да дәлелдейді: биылғы жылдың алғашқы 7 айында қазақстандықтар долларды 1,1 триллион теңгеге сатып алып, небәрі 0,1 триллион теңгеге сатқан, деп хабарлайды Ranking.
Бұдан бөлек, жинақтаушы өмірді сақтандыруды депозит сияқты қолданатын азаматтар үшін сақтандыру компанияларының жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,3–3,4% шамасында, ал банктердегі мерзімді валюталық депозиттер бойынша ұсынылатын мөлшерлеме 1%–2%-дан аспайды. Оның үстіне, банктегі жинақ салымдарын мерзімінен бұрын жабуға болмайды. Сондықтан, жинақтаушы сақтандыру инвестициялаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру қызметін жеті сақтандыру компаниясы ұсынады. Толығырак: https://tengrinews.kz/story/kazahstantsyi-stali-doveryat-nakopitelnomu-strahovaniyu-383888/

