02.06.2026 16:00
«Қазақмыс» және «КМ Life» сақтандыру компаниялары сақтандыру компаниялары арасында жыл сайынғы шағын футбол турниріне қатысты
2026 жылғы 30 мамырда «Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары сақтандыру ұйымдары арасындағы жыл сайынғы шағын футбол турниріне қатысты.
Бұл күн бізге жарқын эмоциялар, спорттық құштарлық, командалық рух және мақтаныш сезімін ұялатқан талай сәттер сыйлады. Біздің футболшыларымыз алаңда өздерін лайықты көрсете білді: тартысты ойын мен шынайы мінез танытып, турнир қорытындысы бойынша Кіші кубокты қанжығаларына байлады!
Қолдау көрсетуші қыздар (чирлидерлер) командасының өнер көрсетуі де ерекше әсер қалдырды. Сұлулық пен үйлесімділікке толы шеберліктерінің арқасында қыздарымыз жарқын әрі есте қаларлық нөмір ұсынып, командалар арасында жүлделі 2-орынға ие болды!
Футболшыларымызды, чирлидерлерді және барлық жанкүйерлерді осынау тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз! Сайысқа қатысып, командаларға демеу болған және нағыз спорттық мерекелік атмосфера қалыптастырған әрбір жанға алғыс айтамыз.
Сіздерді мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!

