20.10.2025 17:00
«Қазақмыс» және «КМ Life» сақтандыру компаниялары БАҚ өкілдері мен сақтандыру нарығы қатысушылары арасында өткен квиз-викторинаға қатысты
2025 жылғы 18 қазанда «Казахмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКҚ) ұйымдастырған сақтандыру нарығы қатысушылары мен БАҚ өкілдеріне арналған интеллектуалды квиз-викторинаға қатысты.
Ойынға қатысқан 17 команда өздерінің білімін, тапқырлығын және командалық бірлігін көрсетті. Іс-шара жылы әрі шабыт сыйлаған атмосферада өтіп, сақтандыру саласының мамандарын ортақ мақсатта біріктірді.
Ұйымдастырушыларға қызықты бастама мен жоғары деңгейде өткізілген шара үшін алғыс білдіреміз. Барша қатысушыларға жаңа табыстар мен жарқын әсерлер тілейміз!

