29.09.2025 16:42
«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары Almaty Marathon 2025 жарысында!
2025 жылғы 28 қыркүйекте әріптестеріміз жылдың ең ауқымды спорттық шараларының біріне – Almaty Marathon 2025 жарысына қатысып, 10 шақырымдық қашықтықта өз күштерін сынады!
Біреулер үшін бұл - өмірдегі алғашқы жарыс болса, енді біреулер үшін көптен күткен 10 шақырымды қайта бағындыру қуанышы болды. Ал кейбір әріптестеріміз өз мүмкіндіктерін асырмақ болып, жаңа жеке рекорд орнатты. Бұл сайыс нағыз жігердің, төзімділіктің және командалық рухтың сынға түскен сәті болды. Әрбір қадамда жеңіске деген сенім мен қуат сезіліп тұрды, ал әрбір шақырым - тынымсыз пен еңбектің тыңғылықты дайындықтың лайықты жемісіне айналды.
Қатысушылар таңдаған қашықтықтарын абыроймен еңсеріп шықты. Мәре сызығында оларды шаттанған жанкүйерлер мен командасының ыстық қолдауы күтіп алды.
Барлық қатысушыларға жоғары нәтижелері, жігерлі рухы мен командалық қуаты үшін алғыс білдіреміз! Әріптестерімізді қашықтықты сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз – сіздер «Қазақмыс» мен «KM Life» сақтандыру компанияларын жарқын танытып, мақтанышқа айналдыңыздар!

