21.07.2026 11:30
«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары Summer Relay 2026 эстафетасында: спорт, қуат және ұжымдық рух тоғысқан сәт
2026 жылдың 18 шілдесінде біздің компаниялар осы жаздың ең жарқын спорттық оқиғасы - Summer Relay 2026 кешкі эстафетасына қатысып, 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.
Бұл жолы жүгіріс 1300 қатысушы мен 200 корпоративтік команданың басын қосты. Іс-шара жаңа форматта өтіп, маршрут Алматының тарихи орталығы арқылы созылды, ал сөре мен мәре «Астана» алаңында орналасты.
Эстафета тек өз күшіңді сынап қана қоймай, серпінді қуат алып, ұжымдық рухты шыңдауға тамаша мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы ортақ нәтижеге өз үлесін қосып, шынайы табыстың өзара сенім, ауызбіршілік пен ортақ мақсатқа деген ұмтылыстан туатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әріптестеріміздің жыл сайын белсенді өмірлік ұстанымын, спорттық жігерін және бір-біріне қолдау көрсетуге дайындығын байқатуы бізді қуантады. Мықты корпоративтік мәдениет те осындай жарқын сәттерден құралады.
Барлық қатысушыларды үздік нәтижелерімен және қашықтықты сәтті бағындыруымен құттықтаймыз! Осы жарыстан алған серпін жаңа белестерді бағындыруға, жарқын жеңістерге және сенімді алға ұмтылуға шабыт бере берсін!

