21.04.2026 17:35
Сақтандыру нарығының PR-қоғамдастығы: дамудың негізгі бағыттары
9 сәуірде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру компанияларының PR және маркетинг басшыларына арналған іскерлік таңғы ас ұйымдастырды.
Кездесудің басты тақырыбы — сақтандыру саласын клиенттер үшін түсініктірек әрі ашық етуге бағытталған жаңа коммуникациялық стратегия болды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, сақтандыру қоғамдастығына аудиториямен ортақ тілде сөйлесуге және елімізде сақтандыру мәдениетін тиімді ілгерілетуге мүмкіндік беретін бірыңғай коммуникациялық экожүйені қалыптастырудың негізін қалады.


