14.11.2025 20:17
II ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ «Жеке сақтандыру нарығы өсімінің қозғаушы күштері»
Бүгін Қазақстан Қаржыгерлерінің XIII Конгресі Бағдарламасы аясында (14 қараша, The Ritz-Carlton, Almaty) күннің басты талқылауларының бірі – жеке сақтандыру нарығының болашақ өсімін қалыптастыратын факторларды талқылау өтті.
Панельдік отырысқа сақтандыру саласының, реттеуші органның және инфрақұрылымдық институттардың өкілдері қатысты.
Спикерлер технологиялардың, клиенттік тәжірибенің, реттеуші өзгерістердің және сенім мәдениетінің елдегі жеке сақтандырудың даму қарқынына әсерін талқылады.

