28.07.2025 00:00
«Қазақмыс» СК және «KM Life» Summer Relay 2025 жарысында!
2025 жылдың 26 шілдесінде «Almaty Arena» аумағында мыңнан астам спорт және белсенді өмір салтын сүйетіндердің басын қосқан осы жаздың ең жарқын және жігерлі эстафеталарының бірі - Summer Relay 2025 өтті.
Іс шараға ондаған корпоративтік командалар қатысты, олардың арасында «Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компанияларының өкілдері де 4 командаға біріккен, олардың әрқайсысы 10 шақырымдық Бизнес қашықтықты бағындырды.
Бұл жай ғана эстафета емес, белсенді және қанағаттанарлық өмір салтына нақты қадам. Біздің әріптестеріміз жеңіске жету жолы алғашқы қадамнан басталатынын дәлелдей отырып, мінез беріктігін, мақсатқа жетудегі табандылықты және жоғары нәтижелерді көрсетті. Эстафета тек спорттық оқиға ғана емес, сонымен қатар жарыстың барлық қатысушылары үшін жағымды эмоциялар көзі болды.
Біз үшін мұндай бастамаларға қатысу ерекше маңызға ие: олар салауатты өмір салтын сақтауға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және корпоративтік рухты нығайтуға көмектеседі. «Қазақмыс» және «KM Life» командаларын қашықтықты ойдағыдай еңсерумен құттықтаймыз!
Біз қатысушыларға Summer Relay 2025-те Компанияларымызды атын танытуға қосқан жарқын үлестері мен табандылығы үшін алғыс айтамыз. Бұл тәжірибе жаңа жетістіктерге - спорттық және кәсіби жетістіктерге шабыттандырсын!
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәдениетін қалыптастырып, бірге алға жылжуға шабыттандыратын сәттерді бөлісуге қуаныштымыз!

