KM Life
Жаңалықтар

24.07.2026 14:00

«KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өмірді сақтандырудың жаңа сыныбын жүзеге асыруға лицензия алды

2026 жылғы 23 шілдеде «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өмірді сақтандырудың жаңа сыныбы енгізілген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына № 2.2.21 лицензияны алды.

Компанияға ерікті өмірді сақтандыру нысаны бойынша жаңа сыныбы – «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру» бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы берілді.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру Қазақстанның кез келген азаматына өз баласының Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуына қаражат жинақтауға бірегей мүмкіндік береді.

«KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өмірді сақтандыру бағыттарын кеңейте отырып және клиенттерге өзекті сақтандыру шешімдерін ұсына отырып, өз қызметін жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда.

Барлық жаңалықтар

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз — мамандарымыз көмектеседі.

8 800 004 10 10

Басқа жаңалықтар

Барлығы