KM Life
Жаңалықтар

22.04.2026 14:18

«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары Almaty Half Marathon 2026 ырғағында!

«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары Almaty Half Marathon 2026 ырғағында!

2026 жылдың 19 сәуірінде компанияларымыздың командалары ірі спорттық іс-шараның бір бөлшегіне айналып, Almaty Half Marathon 2026 аясында 10 және 21 шақырымдық қашықтықтарға жүгіруге қатысты.

Марафон күнделікті тіршіліктің қалыбынан шығып, үлкен спорттық думанның қайнаған ортасында болуға, қимыл-қозғалыстың тылсым күшінен нәр алуға берілген керемет мүмкіндік. Мәреге қарай ұмтылған әр қадам, жүздегі күлкі мен бір-бірімізге деген қолдау – осының бәрі бұл күнді әрқайсымыздың жадымызда жарқын естелік ретінде сақтап қалды.

Командамыздың жігеріне тәнтіміз! Белсенділік танытып, батылдықпен сынға түскен және биік нәтиже көрсеткен әріптестеріміздің барлығына шын жүректен алғыс білдіреміз!

Барлық жаңалықтар

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз — мамандарымыз көмектеседі.

8 800 004 10 10

Басқа жаңалықтар

Барлығы