23.06.2026 17:00
«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компаниялары ECO Network ұйымының «Жасыл кеңсе» бағдарламасына қосылды.
ECO Network — Орталық Азиядағы экологиялық мәдениетті, саналы тұтынуды және қалдықтарды бөлек жинауды тұрақты түрде енгізуге бағытталған ең ірі экожүйе. Бүгінде ECO Network жүйесі Қазақстанның 10 қаласын қамтиды, ал «Жасыл кеңсе» бағдарламасына 250-ден астам кеңсе қатысып, онда шамамен 40 мың адам жұмыс істейді.
Компания қызметкерлері үшін экологиялық мәдениетке арналған екі күндік оқыту сессиялары ұйымдастырылды. Оған 200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, сауалнамаларға қатысып, қайта өңделген пластиктен жасалған телефон тұғырлары мен Алматы қаласының рәміздері бейнеленген брелоктар сияқты экологиялық сыйлықтарға ие болды.
ECO Network деректеріне сәйкес, қатысушылардың 20–25%-ы кеңседе қалыптасқан экологиялық әдеттерді күнделікті өміріне енгізіп, саналы тұтыну мен қалдықтарды бөлек жинау қағидаттарын өз отбасыларында да қолданады. Көптеген қызметкерлер үшін қалдықтарды үйде сұрыптап, кейін оларды кеңседегі эко-бокстарға тапсыру ыңғайлы.
«Қазақмыс» және «KM Life» сақтандыру компанияларының «Жасыл кеңсе» бағдарламасына қосылуы — экологиялық жауапты корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мен тұрақты дамуды қолдауға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

