10.04.2025 14:34
БСДҚ-дағы техникалық ақау
Құрметті клиенттер мен серіктестер!
2025 жылғы 7 сәуірден бастап «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ) Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен жұмыс істеу барысында мерзімді техникалық ақаулар орын алып жатқанын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта МКБ бұл техникалық ақауларды жою бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ) келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

